Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО Ақжар ауданындағы Май ауылдық округінің әкімі өлі күйінде табылды

СҚО Ақжар ауданындағы Май ауылдық округінің әкімі өлі күйінде табылды

May 19, 2026 12:42

Әлеуметтік желілерде Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смайыловтың өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды QZ NEWS Nur.kz-ке сілтеме жасап.

СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, кеше Май ауылында 48 жастағы тұрғынның мәйіті табылған.

«Өзіне-өзі қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, Ерлан Смайылов 2026 жылғы 17 ақпанда әкім қызметіне тағайындалған. Бұған дейін ол «Майское-Агро» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Shares