Петропавлда Ғауез Нұрмұхамбетов Айдын Айымбетовпен өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мәселесін талқылады
May 21, 2026 10:19

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Айдын Айымбетов – Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер, генерал-майор Айдын Айымбетовпен кездесті, деп хабарлайды QZ NEWS.
Кездесу барысында патриоттық тәрбие беру, дарынды әрі бастамашыл жастарды қолдау, сондай-ақ өскелең ұрпақтың ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттыру мәселелері талқыланды.
– Айдын Айымбетовтің ерлігі мен өмір жолы – Отанға адал қызмет етудің, қайсар рух пен биік мақсаттарға ұмтылыстың жарқын үлгісі. Мұндай тұлғалар жастарды тәрбиелеуде және жас ұрпақтың ел болашағына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруда ерекше рөл атқарады, – деп атап өтті өңір басшысы.
