57 жастағы қала тұрғыны жол жиегіне қоқыс тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жазғы саяжай маусымының басталуымен саяжай иелерінің жол жиегіне, аялдама павильондарының маңына қоқыс тастауы салдарынан пайда болатын рұқсатсыз қоқыс үйінділері өзекті мәселелердің бірі болып қала беруде, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары 57 жастағы қала тұрғынының тұрмыстық қалдық салынған пакетті жол жиегіне тастаған кезекті фактісін тіркеді.
Құқық бұзушы ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Петропавл қалалық полиция басқармасының басшылығы саяжай қоғамдастықтарының әкімшіліктеріне қоқыс шығаратын мамандандырылған ұйымдармен уақытылы ресми келісімшарт жасасу және арнайы жабдықталған контейнерлік алаңдар орнату қажеттігін еске салады.
Егер ұйымдастырылған қоқыс жинау жүйесі болмаса, әрбір жер учаскесінің иесі қалдықтарды өз бетінше кәдеге жаратуға міндетті. Бұл стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
«Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 568 фактісі тіркелді. Полиция қызметкерлері мұндай құқық бұзушылықтарды рейдтер барысында және Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы анықтайды. Сонымен қатар халық арасында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – деп хабарлады СҚО Полиция департаментінде.
