Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

June 29, 2026 16:19

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Ашық диалогтың басты тақырыбы көлік инфрақұрылымын дамыту, автомобиль жолдарын жөндеу және теміржол қатынасын жаңғырту мәселелері болды.

Облыс тұрғындары республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу, теміржол желілері мен вокзалдарды қайта жаңғырту, жолаушылар вагондары паркін жаңарту, салмақтық-габариттік бақылаудың автоматтандырылған жүйелерінің жұмысы, сондай-ақ көпірлер салу және күрделі жөндеу бойынша ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді.

Кездесуде М-36 «Екатеринбург – Алматы» автомобиль жолының жай-күйіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейінгі және Тоқсан би ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі жол учаскелерін жөндеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар тұрғындар Нежинка мен Бірлік ауылдарының арасындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салу және Тоқсан би ауылындағы көпірді күрделі жөндеуден өткізу мәселесін көтерді.

Теміржол инфрақұрылымын дамытуға да ерекше көңіл бөлінді. Солтүстікқазақстандықтар теміржолды жаңғырту перспективаларына, Петропавл – Астана – Алматы бағыты бойынша жоғары жылдамдықты жолаушылар пойызын іске қосу мүмкіндігіне, теміржол вокзалдары мен жолаушылар платформаларын жаңғырту мерзімдеріне, сондай-ақ облысты еліміздің басқа өңірлерімен байланыстыратын бағыттардағы жылжымалы құрамды жаңарту мәселелеріне қызығушылық танытты.

Сондай-ақ кездесуге қатысушылар Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысы мен өңірдегі көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізетін жылжымалы бекеттердің санын көбейту мәселелерін талқылады.

«Кездесу барысында түскен әрбір өтініш Көлік министрлігінің бейінді құрылымдық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жан-жақты қаралатын болады. Біз тұрғындардың өз сұрақтарына дер кезінде жауап алып, өзекті мәселелердің нақты шешімін табуына мүдделіміз», – деді Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов.

Жұмыс сапары аясында Жәнібек Тайжанов «Kazmeal» және «Новоишимский мелькомбинат» кәсіпорындарында болды. Вице-министр ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын жем өндіру, астықты өңдеу, ұн және құрамажем шығару үдерісімен танысты. Кәсіпорын басшыларымен өндірісті одан әрі кеңейту және өнім тасымалының тиімділігін арттыру үшін қажетті көлік-логистикалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Shares