Мексикада шамамен 3 мың жылдық қабірлер табылды
Мексика ұлттық антропология және тарих институтының (INAH) зерттеушілері археологиялық қазба жұмыстары кезінде конустық үлгідегі қабірлерді тапты. Табылған жер Мехико маңындағы Чапультепек орманы үшінші бөлігінің шетінде орналасқан, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Мир24-ке сілтеме жасап.
Жерленгендердің жасы – 2,5 мен 4,5 мың жылдың аралығы. Олар ерте және орта классикалыққа дейінгі кезеңдерге жатады (б.з. д. 2500-400 жж.).
Қабірлердің диаметрі: бір-екі метр. Ең жоғары биіктігі бір жарым метрге жетеді.
“Бұл – ерекше жерлеу сәулеті. Мұндай қабірлерді ежелгі Мексиканың басқа жерлерінен, мысалы, Парсы шығанағы мен батыс бөліктен, сондай-ақ қазіргі Мехико мен Морелос штаттарынан табуға болады”, – деп атап өтті археолог Лопес Камачо.
Қоса кетейік, бұған дейін Маңғыстауда 1500 жастағы патша қызының қабірі табылды.