Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Электр сымдарының қысқа тұйықталу салдарынан Петропавл қаласының орталығында автокөлік өртенді

Электр сымдарының қысқа тұйықталу салдарынан Петропавл қаласының орталығында автокөлік өртенді

January 12, 2026 11:34

12 қаңтарға қараған түні қаланың орталық көшелерінің бірінде жеңіл автокөлік өртенді. Өрт сөндірушілер отты жедел түрде сөндірді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Н. Назарбаев көшесі бойындағы өрт туралы хабар 01:40-та пультке түскен. Chevrolet маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққан. Оқиға орнына дереу қалалық ТЖ басқармасының 1-ӨСҚ мамандары жіберілді.

Өрт сөндірушілерге өртті оқшаулауға 10 минут қажет болды. 01:56-да өрт толықтай сөндірілді. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, төтенше жағдайдың себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болған. Өртті сөндіруге барлығы жеке құрамнан 7 адам және 2 техника бірлігі жұмылдырылды.

Shares