Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО санитарлық авиациясы МИ-8 тікұшағымен ұшуларын бастады

СҚО санитарлық авиациясы МИ-8 тікұшағымен ұшуларын бастады

January 29, 2026 19:15

Солтүстік Қазақстан облысының санитарлық авиация бөлімшесі ресми түрде «Қазавиаспас» АҚ-пен ынтымақтастыққа кірісті. Енді өңірдің шалғай аудандарынан адамдардың өмірін құтқару үшін дәрігерлер МИ-8 тікұшағын қолданады, деп хабарлайды QZ News.

Солтүстік Қазақстан облысы Жедел медициналық көмек орталығының директоры Юрий Белоног өзінің Facebook парақшасында бүгін алғашқы жұмыс ұшуы жүзеге асқанын жеткізді.
Бірінші рейстің мақсаты — Айыртау ауданы болды. Саумалкөлден облыс орталығыға ауыр жарақат алған әйелді шұғыл жеткізу қажет еді.

«Санавиация бригадасы құрамында: реаниматолог дәрігер, травматолог дәрігер және ЖМКО фельдшері бар. Саумалкөлге ұшу уақыты шамамен 1 сағатты құрайды. Әуе көлігін қолдану жұмыс жеделдігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, автокөлікпен салыстырғанда тасымалдау қаупін төмендетеді», — деп жазды Юрий Белоног әлеуметтік желілерде.

Shares